Қазақстанда Қытай компаниясымен бірлесіп екі жел электр станциясы және бір күн электр станциясы іске қосылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жоспар бойынша:
- Павлодар облысында – 1000 МВт қуаты бар ірі жел электр станциясы салынады;
- Қарағанды облысында – 500 МВт жел электр станциясы іске қосылады;
- Түркістан облысында – 300 МВт күн электр станциясы құрылуда.
Қытай жобалардың негізгі инвесторы болып саналады, ал Қазақстан тарапынан құрылыста 25-30% үлес бар.
Қалған екі жобаның құрылысы алдағы 2-3 жыл ішінде басталмақ. Үш жобаның жалпы инвестициялық бюджеті 2,2 млрд доллар деп бағаланған.
Барлық үш электр станциясының құрылысы 2027–2029 жылдары аяқталады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу