Қазақстан Қытаймен сауда-экономикалық зерттеулер туралы меморандумға қол қойды

615

Бұл туралы inbusiness.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Қытаймен сауда-экономикалық зерттеулер туралы меморандумға қол қойды Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аясында Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі мен ҚХР Коммерция министрлігі сауда-экономикалық зерттеулер саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа Қазақстан тарапынан Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин, Қытай тарапынан – Қытайдың коммерция министрі Ван Вэньтао қол қойды.

Меморандум Қазақстан-Қытай сауда-экономикалық ынтымақтастығын сапалы жаңа деңгейде одан әрі ілгерілетуге және дамытуға, оның ішінде екі елдің ғылыми ұйымдары арасындағы әріптестік байланыстарды үйлестіруге бағытталған.

Құжат "Сауда-экономикалық стратегиялар орталығы" Қоғамдық Қоры (Қазақстан) мен ҚХР коммерция министрлігінің Халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық академиясы арасында қажетті зерттеулер, бірлескен талдамалық және басқа да шолулар жүргізуді, озық тәжірибе мен ақпарат алмасуды көздейді. Зерттеу бағыттары – бизнес-ортаны жақсарту тұрғысынан екіжақты сауда, электрондық коммерцияны, Қазақстан мен Қытайдың транзиттік және логистикалық әлеуетін дамыту, арнайы экономикалық аймақтар институтын жетілдіру, "жасыл" даму, жаңа энергетика және екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың басқа да маңызды мәселелері.

Сондай-ақ өзара түсіністік туралы меморандум сауда-экономикалық зерттеулер саласындағы ынтымақтастықты ынталандыруға ықпал етуге және өзара сауданың әлеуетін арттырудың тәсілдері мен тетіктері бойынша ұсыныстар әзірлеуге, инновациялық дамуға жәрдемдесуге, жаңа технологияларды пайдалануға бағытталған және басқа да бірлескен іс-шараларды өткізу мүмкіндігі қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу