Қазақстан Қытаймен визасыз режим құжаттарын толық рәсімдеді

515

Енді қытай тарапы визасыз режимнің күшіне енуі үшін мемлекетішілік рәсімдердің аяқталғаны туралы хабардар етуі тиіс. 

Қазақстан Қытаймен визасыз режим құжаттарын толық рәсімдеді Фото: Liter.kz

Қазақстан ҚР мен ҚХР арасындағы визасыз режимнің күшіне енуі үшін барлық қажетті рәсімдерді аяқтады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп жазады Inbusiness.kz.

"Қазір қазақстандық тарап барлық мемлекетішілік рәсімдерді аяқтап, келісімді ҚР Үкіметінің 26 шілдедегі қаулысымен бекітті, сондай-ақ 28 шілдеде біз ҚХР СІМ-не хабарлама жібердік. Енді біз Қытай тарапынан мемлекетішілік рәсімдердің аяқталғаны туралы тиісті хабарлама күтеміз", – деді Айбек Смадияров министрлікте өткен брифингте. 

Өзара визасыз режимнің күшіне енуі туралы ақпарат СІМ-нің ресми сайтында орналастырылады, деп қосты ол. 

Құжаттың жобасы бойынша Келісім белгісіз мерзімге жасалады және уағдаласушы тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу