Қазақстан Қызыл кітапқа енген балық түрлерін қалай көбейтпек?

123

Парламентте Каспийдің арқан балығы мен Арал бекіресі туралы айтылды.

Қазақстан Қызыл кітапқа енген балық түрлерін қалай көбейтпек? Фото: SN.kz

Депутат Анас Баққожаев Қызыл кітапқа енген балық түрлерін көбейту мәселесін көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мәжілісте "Акваөсіру туралы" заң жобасы бірінші оқылымда қаралды.

"Осыдан екі-үш жыл бұрын балық комитеті бағдарлама қабылдардың алдында FAO-ға тапсырыс берген. Сол кезде FAO-ның айтуы бойынша Қызыл кітаптағы Каспийдің арқан балығы және Арал бекіресін қалпына келтіріп, санын көбейтуді, экспортқа шығаруды ұсынған. Осы Қызыл кітапта тұрған балықтарды қалпына келтіру бойынша жоспарларыңыз қандай және бұл қабылданып жатқан заң оған қалай әсер ете алады?", – деп сұрады депутат Анас Баққожаев.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалиннің сөзінше, бұл мәселе төрт ірі балық питомнигі арқылы жүзеге асырылып жатыр.

"Аралда, Атырау қаласында балық питомниктері бар. Негізгі мәселе осы заң шеңберінде инвесторларды тартуға қатысты. Балық питомниктерінің негізгі мақсаты – шабақтарды шығарып, оны әрі қарай молайту және сату. Сол арқылы инвесторларға шабақтарды сатып, өсіруді көздеп отырмыз. Нақты осы секторда Атырау, Маңғыстау облысындағы төрт инвесторымыз бар. Олар жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп жатыр. Осы мәселелер бақылауда тұр", – деді вице-министр Мәжілістің жалпы отырысында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу