"Қазақстан Қызыл Жарты Айы" ұйымы екібастұздықтарға көмек жинап жатыр

735

Халықаралық қозғалыс өкілдері ақша жинап, екібастұздықтарға қажеттілерді сатып алып бермек, деп хабарлайды inbusiness.kz ұйымға сілтеме жасап.   

"Қазақстан Қызыл Жарты Айы" ұйымы екібастұздықтарға көмек жинап жатыр Фото: Константин Шелков

"Екібастұздағы жылу-электр орталығындағы апаттан зардап шеккендерге қайырымдылық жинағын аштық. 2022 жылдың 27 қарашасында болған апат салдарынан Екібастұз қаласының тұрғындарының бір бөлігі жылусыз қалды. Біздің веб-сайтта бірнеше рет басу арқылы кез келген соманы қайырымдылыққа берсеңіздер болады", – делінген хабарламада.

Қайырымдылық жасау үшін мына сілтеме бойынша өтіп, "Пожертвовать" бөліміне өтіңіз.

"Қазір зардап шеккендерге қосымша көмек көрсету үшін оларға не қажет екенін анықтап жатырмыз. Сіз берген кез келген сома осы қиын жағдайда қалған адамдарға көмектеседі", – деді қозғалыс өкілдері.

Айта кетейік, апат салдарынан көптеген тұрғын үйлер жылусыз қалды. Ауа температурасы -30 градусқа дейін төмендеді. 2022 жылдың 28 қарашасында Екібастұз қаласында техногендік төтенше жағдай жарияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу