"Азия авто" зауытының Lada брендтi көлiктерi ҚХР нарығында үлкен сұранысқа ие. Зауыт 2017 жылы көршi елдiң нарығына 3,5 мың автокөлiк экспорттауды жоспарлап отыр. Бұл туралы "Қазавтопром" ҚАСКО басқарма төрағасы Олег Алферов ОКҚ брифингi барысында айтты, деп хабарлайды Baq.kz.
"Биылғы жылдың тоқсанындағы Қазақстан тұтынушыларының таңдауына келсек, сұранысқа ие жеңiл көлiк брендтерінің рейтингiн Lada бастап тұр. Бұл марка үлесiне сатылып кеткен барлық отандық автокөлiктiң жартысынан көбi тиесiлi. Көш басында тұрған маркалар бестiгiнде Kia, Hunday, Shevrolet мен Jac бар. Отандық автоөндiрiс саласында алғаш рет сатылған барлық көлiктiң 7 пайыздан астамы экспортқа жөнелтiлдi", – дейдi Олег Алферов.
Оның айтуынша, жол талғамайтын автокөлiктердiң бiр партиясы Қытай нарығына экспортталды. Әсiресе, "Азия авто" зауытының Lada брендтi көлiктерi ҚХР нарығында үлкен сұранысқа ие. Зауыт 2017 жылы көршi ел нарығына 3,5 мың автокөлiк экспорттауды жоспарлап отыр.