"Корея Қазақстанның инвестиция бойынша ең үлкен 5 серіктесінің бірі саналады. Қазіргі таңда КІА зауыты салынуда. Оны келесі жылы ашамыз. Бұл - өнеркәсіпке байланысты бірінші мәселе. Екіншіден, бүгінде Корей геологиялық-геофизикалық және минералды ресурстар институты Қазақстанда сирек металдарға – литийге геологиялық барлау жүргізіп жатыр. Осыған орай бүгін келісімшартқа қол қоямыз. Осы жұмыстар аяқталғаннан кейін елімізде литий өндіруге мүмкіндік болады. Қазіргі таңда мұндай өндіріс елімізде жоқ", - деді министр бүгін Ақордада.
Министрдің нақтылауынша, кореялық институт еліміздің Шығыс Қазақстан облысында литий кен орнына барлау жүргізіп жатыр. Аталған металдан көліктерге арналған батареялар шығарылады.