Қазақстан-Ливан: Дипломатиялық, қызметтік төлқұжат иелеріне визасыз режим енгізілуі мүмкін

564

Тиісті құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды. 

Қазақстан-Ливан: Дипломатиялық, қызметтік төлқұжат иелеріне визасыз режим енгізілуі мүмкін Фото: pixabay

Сыртқы істер министрлігі "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ливан Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық, қызметтік және арнайы паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қою туралы" қаулы жобасын әзірледі, деп жазады inbusiness.kz.

Ведомство осы келісім жобасына қол қою екі ел арасындағы тығыз ынтымақтастықты нығайтуға әрі дипломатиялық, қызметтік және арнайы паспорттардың иелері үшін жеңілдетілген визасыз тәртіп орнатуға мүмкіндік береді деп отыр.

"Жобаның қабылдануы Қазақстан Республикасы мен Ливан Республикасы арасындағы тығыз ынтымақтастықтың дамуына мүмкіндік береді әрі дипломатиялық, ресми және қызметтік паспорттар иелерінің визалық талаптардан өзара босатылуын белгілейді", - делінген түсіндірме жазбада.

Келісімнің ережелері паспорттардың келесі түрлеріне қолданылады:

1) Қазақстан Республикасының азаматтарына:

  • дипломатиялық паспорт;
  • қызметтік паспорт;

2)Ливан Республикасының азаматтарына:

  • дипломатиялық паспорт;
  • қызметтік паспорт;
  • арнайы паспорт.

Құжатқа сәйкес, бір тарап мемлекетінің азаматтары – жарамды дипломатиялық, қызметтік және арнайы паспорттардың иелері екінші тарап мемлекетінің аумағына алғашқы "кірген" күннен бастап күнтізбелік 180 күн әр кезең ішінде күнтізбелік 30 күнге дейінгі мерзімге бірнеше рет келуге/кетуге, транзитпен өтуге және визасыз болуға құқылы.

Бұл ретте тараптар ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті және қоғамдық денсаулықты қамтамасыз ету мақсатында осы келісімнің қолданылуын уақытша, ішінара немесе толық тоқтата алатыны көрсетілген.

Құжат 15 маусымға дейін көпшілік талқылауда болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу