Қазақстан мәдениеті Индонезия университетінде таныстырылды

194

Қазақстандық студенттер "Көзімнің қарасы" әнін орындап, "Қара жорға" биін биледі.  

Қазақстан мәдениеті Индонезия университетінде таныстырылды Фото: gov.kz

Қазақстанның Индонезиядағы Елшілігі Джакартадағы Мультимедиа Нусантара университетінде (UMN) өтіп жатқан Халықаралық аптаға қатысып, елдің мәдениеті мен білім беру мүмкіндіктерін таныстырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Іс-шара аясында Қазақстанның мәдениеті мен дәстүріне арналған көрме стенді ұйымдастырылды. Университет қонақтары ұлттық киімдер, киіз бұйымдар, дәстүрлі әшекейлер, картиналар мен кәдесыйларды тамашалады. Сонымен қатар туристік брошюралар мен Қазақстанда білім алу мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынылды.

Көрме барысында Қазақстанның туристік және табиғи әлеуетін таныстыратын бейнероликтер көрсетілді. Индонезиялық студенттер мен оқытушылар қазақстандық жоғары оқу орындары және елдегі білім алу мүмкіндіктері туралы материалдарға қызығушылық танытты.

Бағдарламада UMN-де студент алмасу бағдарламасы бойынша білім алып жатқан қазақстандық жастар да өнер көрсетті. Олар Абайдың "Көзімнің қарасы" әнін орындап, "Қара жорға" биін биледі.

Халықаралық апта Қазақстан мен Индонезия арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтып, индонезиялық жастарды Қазақстанның мәдени мұрасы мен заманауи жетістіктерімен таныстыруға мүмкіндік берді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу