Қазақстан Мароккомен ғылым саласында ынтымақтастық орнатады

510

Бұл туралы inbusiness.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Мароккомен ғылым саласында ынтымақтастық орнатады Фото: ҚР СІМ

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Таяу, Орта Шығыс және Африка департаментінің директоры Асқар Шоқыбаев пен Марокко Сыртқы істер министрлігінің Азия және Океания департаментінің директоры Абделқадер Әл-Ансаридің төрағалығымен Қазақстан-Марокко саяси консультацияларының кезекті 4-ші раунды өтті.

Іс-шара барысында тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын егжей-тегжейлі талқылады, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібі мәселелері бойынша пікір алмасты.

Сауда және инвестициялар, көлік және логистика, туризм, ауыл шаруашылығы, ақпараттық технологиялар және білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықты орнату және дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Тараптар достық және өзара тиімді әріптестік қағидаттарына негізделген Қазақстан-Марокко қатынастарының оң динамикасы мен табысты дамуын жоғары бағалады, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мен тереңдетуге жаңа серпін беру мақсатында екі ел арасында ресми сапарларды ұйымдастыру, шарт-құқықтық базаны кеңейту және сыртқы саяси ведомстволары деңгейінде тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға ниетін растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу