Қазақстан машина жасаушыларының XI форумына тіркелу жүріп жатыр

632

Форум 11-12 мамыр күндері елордада өтеді. 

Қазақстан машина жасаушыларының XI форумына тіркелу жүріп жатыр Фото: Тіршілік тынысы

Іс-шараны ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Қазақстан машина жасаушылар Одағы ҚР Үкіметінің қолдауымен ұйымдастырады, деп жазады inbusiness.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Форумның бірінші күні пленарлық отырыс пен панельдік сессия өткізіледі.

"Қатысушылар Қазақстан Республикасының машина жасау саласын дамытудың бес жылға арналған Кешенді жоспары шеңберінде машина жасау саласын одан әрі дамыту мәселелерін талқылайтын болады. Шараның екінші күнінде машина жасау саласының басым бағыттары бойынша секциялық отырыстар өтеді. Теміржол, мұнай-газ, тау-кен металлургиясы, ауыл шаруашылығы және электротехникалық машина жасау, автомобиль жасау, сондай-ақ машина жасауда құю өндірісін дамыту мәселелерін қарау жоспарлануда", - делінген хабарламада.

Форум қорытындысы бойынша ел Үкіметіне ұсыныстар дайындалмақ.

Бұдан басқа форум аясында 10-12 мамыр күндері "EXPO" көрме орталығында машина жасау және металл өңдеу бойынша "Kazakhstan Machinery Fair 2023" халықаралық мамандандырылған көрмесі өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу