Қазақстан математика және жаратылыстану пәндері бойынша 50 озық елдің қатарына кірді

446

Бұл PISA білім сапасын бағалаудың халықаралық рейтингінің соңғы деректері. 

Қазақстан математика және жаратылыстану пәндері бойынша 50 озық елдің қатарына кірді Фото: pixabay.com

Рейтинг қорытындысы бойынша, 81 елдің ішінде Қазақстан математикадан –46-шы орынға (2018 жылы 54-орын), оқуда – 61-ші орынға (2018 жылы 69-орын, ал жаратылыстану пәні бойынша – 49 орынға ие болды (2018 жылы 69 орын), деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев өзінің Facebook желісіндегі парақшасында қала мен ауыл оқушылары арасындағы білім сапасының алшақтығын азайтуға баса назар аударды.

"Барлық ұстаздарға күнделікті тынымсыз еңбектері үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді! Осылайша, әрбір мұғалімнің кішкене, бірақ өте маңызды үлесі арқылы біз білім сапасын арттыруға қол жеткіземіз!", - деді министр өз жолдауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу