Қазақстан Мажарстаннан не импорттайды?

341

Екі ел арасындағы алыс-беріс көлемі төмен. 

Қазақстан Мажарстаннан не импорттайды? Фото: Inbusiness.kz

9 айдың қорытындысы бойынша жалпы сауда-саттық көлемі 125 млн долларды құрады. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Ақорда кулуарында айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Мажарстан Қазақстанға жоғары қайта өңдеу өнімдері, телефон, азық-түлік өнімдерін және дәрілік заттарды жеткізеді. Мұнда фармацевтика дамыған, бұл ел сонымен де танымал. Биыл балық етінің жеткізілімі 2 есеге ұлғайды. Бұл негізгі өнімдердің бірі. Бүгін осы мәселе де көтерілуі мүмкін. Өкінішке қарай, Мажарстан бойынша сауда-саттық көлемі оншалықты үлкен емес, бірақ бұл көрсеткіш өсіп жатыр және 25 пайызға өсіп отыр", - деді ол тілшілердің сауалына берген жауабында.

Оның айтуынша, тауарлар Мажарстанға теңіз, Хорватия арқылы тасымалданады.

"Экспорт көлемі төмен. 9 айдың қорытындысы бойынша жалпы сауда-саттық көлемі 125 млн доллар болды. Оның көлемін қалай арттыруға болатыны туралы сөйлесетін боламыз. Ең әуелі бізге өзіміздің мал шаруашылығы өнімдерінің экспортын ашу керек",- деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу