Қазақстан МЭЕҰ-мен мұнай өндіруді шектеу жөнінде кеңесуді жалғастыра береді

975

Қазақстан МЭЕҰ-мен мұнай өндіруді шектеу жөнінде кеңесуді жалғастыра береді

Қазақстан қарашаның соңында Венада өтетін МЭЕҰ-ның ресми жиынында аталмыш ұйыммен мұнай өндіруді шектеу жөнінде кеңесуді жалғастыра береді әрі оған мүше және мүше емес елдермен консенсусқа қол жеткізуден үмітті. Бұл туралы ТАСС-қа елдің энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті.

"Кеңесуді жалғастыра береміз. Біз мұнай өндіруді шектеуді қолдаймыз. Қазақстан биылдың өзінде өндіруді шектеді, яғни оны айтарлықтай азайтты: былтыр 80 млн тоннадай өндірген болсақ, биыл шамамен 76,5 млн тонна өндіріледі", – деді министр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу