Осы және басқа да өзгерістер бейінді орталық ведомство басшысының тиісті бұйрығына өзгерістер мен толықтыруларда көрсетілген, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Жоспарланған өзгертулер мемлекеттік мектептер мен мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарына қатысты болмақ.
Құжат "Ашық НҚА" порталында 11 қарашада жарияланды, оны талқылау 25-ші қарашаға дейін жалғасады.
Сонымен, мектептерге оқушылардың тамақтануын ұйымдастырудың балама нұсқаларын таңдауға мүмкіндік беру ұсынылады. Мектеп асханасында тиісті жабдықтар мен жағдайлар қарастырылған кезде – "мектеп оқушыларының тамақтануын ұйымдастыру жөніндегі тауарларды жергілікті атқарушы органдардың шешімі негізінде асхана меңгерушілерінің, аспаздардың, асхана қызметкерлерінің штаттан тыс бірліктерін енгізу арқылы конкурстық негізде сатып алуға болады" деген жаңа тармақ қосылады.
Одан бөлек жаңа өзгерістер отандық өндірушілерді қолдау шеңберінде тамақ өнімдерінің кемінде 60%-ы отандық өндіріс болуы тиіс екендігін көздейтін тармақтарды алып тастауды көздейді. Құжат авторлары бұл Еуразиялық экономикалық одақтың қорытындысын негізге ала отырып, ҚР ішкі нарығындағы кедергілерді жою үшін қажет екенін түсіндірді.
Жаңартылған ережелер сонымен бірге өзімен бірге әкелінген тағамға қойылатын шарттарды қамтиды.
Сатып алынатын азық-түлік өнімдері ҚР Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс.