Елімізде ауыл мен қала мектептеріндегі материалдық-техникалық базалық қамтамасыз ету жағынан алшақтық бар

676

2020-2021 оқу жылында апатты жағдайда 34 орта мектеп болған. Олардың көбі ауылдық жерлерде орналасқан.

Елімізде ауыл мен қала мектептеріндегі материалдық-техникалық базалық қамтамасыз ету жағынан алшақтық бар Фото: zhasalash.kz

Қаржыландырудағы айырмашылық, әлеуметтік және көші-қон факторлары ауылдық мектептер санының азаюына әкелуде. Мысалы, 2015 жылы 5 546 ауылдық мектеп болса, 2021 жылдың соңына қарай олардың саны 5 262 болған, деп жазады inbusiness.kz ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Ауылдық жерлерде жоғары санатты мұғалімдердің үлесі жалпы санның тек 18,5%-ын, қалалық жерлерде бұл көрсеткіш 31,2%-ды құраған. Қалалық (23,7%) және ауылдық (24,1%) мектептердегі мұғалімдер құрамының төрттен бір бөлігінде біліктілік санаты жоқ.

Бұдан бөлек 2020 жылдың соңына қарай елдегі мектептердің үштен бірі (29,3%) жаңа модификациялық үлгідегі кабинеттермен жабдықталмаған.

Биыл бір мемлекеттік мектептің бюджеті 159 млн теңгені құрап отыр. Бұл бір Назарбаев зияткерлік мектебінің бюджетіне қарағанда 3,7 есе аз.

Назарбаев зияткерлік мектептерінің жұмысына қаражат ішінара республикалық бюджеттен түседі. Мысалы, 2022 жылы аталған мектептерге 12,4 млрд теңге бөлінген. Мемлекеттік мектептерге жұмсалған қаражат көлемі 1,2 трлн теңгені құрады. Оның ішіне сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз етуге, орта білім беруді жаңғыртуға, мұғалімдердің біліктілігін арттыруға бағытталған шығындар кіреді.

Қарапайым мектептерге бөлінетін қаражаттың жалпы сомасы айтарлықтай көп болып көрінуі мүмкін. Бірақ 1 мектепке қайта есептеген кезде олай емес екендігін білуге болады.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, Қазақстанда 2021-2022 оқу жылында 7550 мектеп болса, ал Назарбаев зияткерлік мектептерінің саны 21-ді құраған.

Бұдан бөлек мектептерде орын тапшылығы мәселесі бар. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов қазіргі уақытта елде 260 мыңнан астам орын жетіспейтінін, 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш 1 миллионға дейін өсуі мүмкін екенін айтқан. Осыған дейін 3 ауысымда оқытатын мектеп саны 100-ден асатынын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу