Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сәйкес, өткен жылдың қорытындысы бойынша отандық мектептердің 96,7%-ы интернет желісіне қосылған, деп жазады inbusiness.kz.
Ақпаратқа сәйкес, білім ордаларының жалпы санының 67,1%-ы заманауи жабдықтармен, модификацияланған оқу кабинеттерімен жабдықталған.
"Елдегі барлық мектеп ауыз судың негізгі көздеріне қосылған және қажет деген жабдықтары бар бөлек дәретханалармен қамтылған. Жылы дәретханалар мектептердің 78,4 пайызында ғана бар, білім беру мекемесінің 1 пайызында дәретханалар сыртта орналасқан", - делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу