Қазақстан мен АҚШ адам құқықтары саласындағы Бірлескен мәлімдемені қабылдады

487

Қазақстан мен АҚШ Адам құқықтары мен демократиялық реформалар жөніндегі жоғары деңгейдегі жыл сайынғы диалогтың екінші отырысын өткізді.   

Қазақстан мен АҚШ адам құқықтары саласындағы Бірлескен мәлімдемені қабылдады Фото: ortcom.kz

Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Арнаулы өкілі Ержан Қазыхан мен АҚШ Мемлекеттік хатшысының азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары мәселелері жөніндегі орынбасары Узра Зеяның тең төрағалығымен Қазақстан мен АҚШ Адам құқықтары мен демократиялық реформалар жөніндегі жоғары деңгейдегі жыл сайынғы диалогтың екінші отырысын өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси жүйені одан әрі демократияландыру және адам мен азамат құқықтарының конституциялық кепілдіктерін нығайту жөніндегі бағдарламасын іске асыру барысын сындарлы түрде талқылады.

"Америка Құрама Штаттары Қазақстан халқының игілігі үшін жалпы адам құқықтары мен демократиялық принциптер мен институттарға негізделген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кең ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларын толықтай жүзеге асыруды табанды түрде қолдайтынына ерекше көңіл аударды", - делінген Бірлескен мәлімдемеде.

Жоғары деңгейдегі делегациялар бірқатар негізгі мәселелерді талқылады, оның ішінде саяси реформалардың күн тәртібі, сот және құқық қорғау органдары реформалары, жұмысшылардың құқықтары, әйелдердің экономикалық қауіпсіздігі мен құқықтарын нығайту, соның ішінде гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бойынша одан әрі ілгерілеу мен серіктестік; адам құқықтары, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі жандардың құқықтары; заңсыз шығарылған активтерді қайтару; сыбайлас жемқорлықпен және адам саудасымен күресу. Кездесу барысында өзара тиімді өзара іс-қимылға негізделген көпжақты ынтымақтастық, оның ішінде БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесі арқылы да қарастырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Жоғары деңгейдегі диалогтың келесі кезеңін 2024 жылы Астанада өткізу туралы шешімді бірлесіп қабылдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу