Қазақстан мен АҚШ арасында әуе еркіндігінің бесінші деңгейі қолданылады

724

Ел тарихында алғаш рет "ашық аспан" режиміндегі келісімге қол жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстан мен АҚШ арасында әуе еркіндігінің бесінші деңгейі қолданылады

Бұл режим кез келген отандық әуе компаниясына үшінші елдерге жолаушыларды жеткізу және әкелу құқығымен Қазақстанның кез келген қаласынан Америка Құрама Штаттарының кез келген қаласына рейс бойынша шексіз санмен жолаушы тасымалын, сондай-ақ АҚШ пункттері мен Америка Құрама Штаттарынан тыс кез келген пункттер арасында жүк тасымалын орындау мүмкіндігін береді. 

Бүгін мәжіліс депутаттары "ҚР Үкіметі мен АҚШ Үкіметі арасындағы Әуе қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады. Осыған қатысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов: "Жоба "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" заңының бесінші бабының екінші тармағына сәйкес әзірленді. Келісімнің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасында тікелей әуе қатынасын ашу үшін құқықтық база құру. Халықаралық азаматтық авиация ұйымының әуе қатынасын ырықтандыру жөніндегі және Америка тарапының ұсыныстарына сәйкес, келісім аясында тараптар әуе компаниялары, пункттер мен рейстер саны бойынша, оның ішінде жолаушы тасымалы үшін әуе еркіндігінің бесінші деңгейімен шектеусіз ұша алады", – деді. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу