Қазақстан мен АҚШ арасында әуе қозғалысын ашу туралы келісім жүріп жатыр

707

Бұл туралы ИИДМ азаматтық авиация комитеті хабарлады.

Қазақстан мен АҚШ арасында әуе қозғалысын ашу туралы келісім жүріп жатыр

Қазақстан Республикасының үкіметі мен АҚШ үкіметі арасындағы "ашық аспан" қағидаты бойынша әуе қозғалысы туралы келісімге қол қою бойынша жұмыстар аяқталуға жақын. Бұл туралы азаматтық авиация комитеті хабарлады.

2018 жылдың 21 қыркүйегінде Вашингтонда (АҚШ) Қазақстан мен АҚШ авиациялық билігі арасындағы екіжақты келіссөздер өткен болатын.

"Қазіргі уақытта американдық тараппен қол қоюға жоспарланған әуе қозғалысы туралы үкіметаралық келісімнің мәтінін келісу рәсімі аяқталуда", – дейді ведомствадан.

Осы келісімге қол қою – Қазақстан мен АҚШ арасындағы тікелей әуе рейстерін ашудың құқықтық негізін құрайтын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу