Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе рейсі қашан ашылады?

521

Бұл – өте күрделі процесс, деді АҚШ елшісі.

Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе рейсі қашан ашылады? Фото: inbusiness.kz

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниэл Розенблюм екі ел арасында тікелей әуе рейсі 2025 жылға қарай ашуылу мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біз тікелей рейс ашуды қалайтын едік. Ол идеяны қолдаймыз. Бірақ өкінішке қарай, бұл – өте күрделі процесс. Әуе компанияларының талапқа сәйкес келетін борттары болу керек. Ал Air Astana-да әзірге ондай борттар жоқ. Қазір сатып алумен айналысып жатыр. Ол біраз уақыт алады", - деді ол инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі форум аясында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Дипломат тікелей рейс ашу процесінің жылдамдығы АҚШ-тың авиация органдары өткізетін тексерулерге де байланысты екенін айтты.

Сондай-ақ, АҚШ федералдық авиация әкімшілігі сияқты органдары өткізетін тексерулер мен өзге де көптеген процестер бар. Бұл мәселе Үкіметпен өтетін кездесулерде жиі көтеріледі. Өкінішке қарай, биыл болмайды. Шамалап айтсақ, 2025 жылы болуы мүмкін", - деді елші.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу