Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джули Стаффтпен кездесу өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Кездесу барысында тараптар атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ағымдағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады, сондай-ақ одан әрі ынтымақтастықтың жекелеген бағыттары бойынша пікір алмасты.
Өзара іс-қимыл қолданыстағы халықаралық келісімдер шеңберінде және ядролық қауіпсіздік пен таратпау саласындағы міндеттемелерді сақтай отырып жүзеге асырылатыны атап өтілді.
Сондай-ақ, тараптар ғылыми-техникалық ынтымақтастық, тәжірибе алмасу, кадрлар даярлау мәселелерін талқылады. Талқылау сындарлы және нәтижелі болды.
Кездесу қорытындысы бойынша бейінді мәселелер жөніндегі диалогты жалғастыруға өзара қызығушылық расталды.