Қазақстан мен АҚШ геология саласындағы өзара әріптестікті дамытуға ниетті

539

Тараптар жер қойнауына геологиялық зерттеу жүргізу саласындағы ұзақмерзімді тиімді ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылап, меморандумға қол қойды.  

Қазақстан мен АҚШ геология саласындағы өзара әріптестікті дамытуға ниетті Фото: gov.kz

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Қазақстанға ресми іссапары аясында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақбаров АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дэниел Розенблюммен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айталық, жер қойнауына геологиялық зерттеу жүргізу бойынша тәжірибе алмасып, құзыреттілікті арттыру, геологиялық-геофизикалық зерттеулердің заманауи технологияларын қолдану, әсіресе пайдалы қазбаның орындарын картаға түсіру ісінде, аймақтық масштабта болжау әдістері мен модельдеуде қолғабыс етіп, сондай-ақ бірлескен ғылыми семинарларды, дөңгелек үстелдерді әрі воркшоптарды өткізу бағытында өзара байланысты нығайту жоспарланып отыр.

Кездесудің қорытындысы бойынша екі жақ іскерлік әңгімеге ризашылықтарын жеткізіп, Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу