Қазақстан мен АҚШ салықтан жалтарып жүрген азаматтардың есеп-шоты туралы ақпаратпен алмасады

860

Қазақстан мен АҚШ салықтан жалтарып жүрген азаматтардың есеп-шоты туралы ақпаратпен алмасады

ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов пен АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Кролл екі ел үкіметі арасындағы xалықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісімді рәсімдеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат

Министр Сұлтановтың айтуынша, аталған құжат - ұзақ әрі күрделі жұмыстың нәтижесі. Оның аясында Қазақстан мен Америка салықтан жалтарып жүрген азаматтар мен олардың есеп-шоттары туралы ақпаратпен алмасатын болады.

"Бұл жұмыс осыдан бірнеше жыл бұрын Америка құрама штаттарының бастамасымен басталған болатын. Енді, міне, бүгін біз арнайы келісімге қол қойып отырмыз. Қазақстан өз тарапынан барлық америкалық компаниялар мен жеке тұлғалардың жеке шоттарындағы ақша туралы ақпаратты Америкаға жібереді. Дәл сондай ақпарат бізге де келеді. Біраз жылдан біз жалпыға ортақ декларациялар жайында айтып жатырмыз ғой. Сыртта жүрген қазақстандық азаматтардың ақшасын қалай бақылаймыз? Салық рәсімдеу жағы қалай болады? Бүгінгі құжат - сол жүйелі шаралардың бірі", - деп атап көрсетті Б.Сұлтанов.

Өз кезегінде елші Кролл алғыс білдіріп, АҚШ-та осы саладағы жұмыстың "Шетелдік есеп-шоттарға салық салу" туралы заңның аясында жүргізілетінін жеткізді. "Ал ақпарат алмасу арқылы біз оффшордың көмегімен салықтан жалтару әрекеттерімен күресе аламыз. Бүгінгі келісім де осы саладағы ынтымақтастықтың, салықтық тәртіпті орнатуға деген ортақ құлшыныстың көрінісі болса керек", - деп атап көрсетті Крол.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу