Қазақстан мен Андорра екіжақты ынтымақтастықтың шекарасын кеңейтуде

335

ҚР-ның Испаниядағы және Андоррада қоса атқарушы Елшісі Данат Мұсаев Андорра Сыртқы істер министрі Имма Тор Фауспен кездесті.  

Қазақстан мен Андорра екіжақты ынтымақтастықтың шекарасын кеңейтуде Фото: ҚР СІМ

17 қарашада Қазақстанның Испаниядағы және Андоррада қоса атқарушы Елшісі Данат Мұсаев Андорра Княздігінің тең-князі Жоан Энрик Вивес и Сисильяға сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Рәсімнен кейін әңгімелесушілер екіжақты қарым-қатынастарды дамыту перспективаларын, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Сондай-ақ сапар барысында Андорра Сыртқы істер министрі Имма Тор Фауспен кездесу өтті. Андорра Сыртқы істер министрлігінің басшысымен әртүрлі салалардағы диалогты жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Тараптар мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың белсенді дамып келе жатқан жылдарында достық пен серіктестік рухында екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға мүмкіндік беретін берік негіз құрылғанын қанағаттанарлықпен атап өтті.

Княздіктің бас қаласында Андорра парламентінің жаңадан сайланған спикері Карлес Энсеньатпен кездесу өтті. Әңгімелесушілер елдер арасындағы саяси, сауда-экономикалық өзара іс-қимылды талқылады. Қазақстандық дипломат пен Парламент төрағасы бірінші Қазақстан-Андорра парламентаралық достық тобын құру бойынша жұмысты бастауға дайын екендіктерін білдірді.

Д. Мұсаев кейін Андорра парламентінің Халықаралық істер жөніндегі комитетінің басшылығымен және мүшелерімен екі мемлекет арасындағы саяси диалогтың жаңа құралын қалыптастырудың егжей-тегжейлерін талқылады. Депутаттардың халықаралық орындарда тұрақты кездесулерін өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу