Мәселен, 2021 жылғы 25 маусымнан бастап "SCAT" авиакомпаниясы Ақтау және Ереван қалалары арасында CRJ-200 типті әуе кемесінде эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай кезең-кезеңімен ұлғайта отырып, аптасына 1 рейс жиілігімен тұрақты рейстерді орындауды жүзеге асырады.
Рейстерді қайта бастау Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 16 маусымдағы шешіміне сәйкес қабылданды.
Рейстер санитарлық – эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалатын болады.