Қазақстан мен Армения арасындағы сауда айналымы 38 пайызға артқан

1538

Қазақстан мен Армения арасындағы сауда айналымы 38 пайызға артқан

Қазақстан мен Армения екі мемлекет аумағы арқылы теміржол көлігімен жүк ағынын дамыту бойынша келісті, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің Ереван қаласына сапары аясында  сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Армения үкіметаралық комиссиясының 7-ші отырысы өтті.

Қазақстандық тарапты Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров, армян тарапын Армения Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары Роберт Арутюнян басқарды.
2016 жылы Қазақстан-Армения сауда айналымы 8%-ды құраса, 2017 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Армения арасындағы сыртқы сауда айналым 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38%-ға артып, 2,6 млн АҚШ долларын құрады. 
Тараптар Қазақстан мен Армения нарығына өзара тауар шығару мәселелерін пысықтау мақсатында екі мемлекет аумағы бойынша теміржол көлігімен жүк ағынын дамыту мүмкіндігін жасауға келісті.

Келесі үкіметаралық комиссия отырысын 2018 жылы Астанада өткізуге уағдаласты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу