Армения футбол федерациясы Қазақстанға қарсы өтетін жолдастық кездесудің кейінге шегерілгенін хабарлады, деп жазады olympic.kz.
"Коронавирустың көптеген елдерде етек жаюына байланысты Армения құрамасының жақын арадағы жолдастық кездесулері кейінге қалды. Өзбекстан-Армения (26 наурыз), Қазақстан-Армения (30 наурыз) матчтары өтпейтін болды. 17 наурыз күні УЕФА өзі ұйымдастыратын турнирлерге қатысты мәлімдеме жасайды. Наурыз айында өтетін 21 жасқа дейнгілер арасындағы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирлері де шегерілетін шығар", – делінген федерация сайтында.
Айта кетелік, 27 наурызға Қазақстан командасы тағы бір матч жоспарлаған. Сол күні Қазақстан мен Литва құрамасы кездесуі тиіс болатын.