Қазақстан мен Аустрия СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

312

Тараптар екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі мәселелер бойынша "сағаттарын теңестірді", сондай-ақ өзекті өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан мен Аустрия СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті Фото: ҚР СІМ

Аустрия тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Аустрия Республикасының Еуропалық және халықаралық істер федералды министрі Беате Майнль-Райзингермен телефон арқылы сөйлесті. 

Сұхбаттастар 2025 жылғы сәуір айында Астанада өткен Қазақстан-Аустрия үкіметаралық комиссия мен Іскерлік кеңес отырыстарының қорытындыларын қолдап, өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделілік білдірді.

Министрлер бірқатар мәселелер бойынша ұқсас қөзқарастарын атап өтіп, көпжақты құрылымдар шеңберіндегі, оның ішінде БҰҰ мен ЕҚЫҰ алаңдарында сындарлы диалог пен өзара іс‑қимылды жалғастыруға уағдаласты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу