Scat әуе компаниясы 2025 жылы Қазақстан мен Австрия арасында тікелей рейстерді іске қосады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл туралы ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев бастаған қазақстандық делегацияның Австрияның туризм жөніндегі мемлекеттік хатшысы Сюзанна Краус-Винклер және Вена әуежайының бас директоры Юлиан Йегермен кездесуінде айтылды.
"Кездесу барысында Қазақстан мен Австрия арасында аптасына екі рет ұшатын тікелей рейстер ашу мәселесі талқыланды. СКАТ әуе компаниясы рейстерді 2025 жылдың көктеміне жоспарлап отыр", - деп мәлімдеді Азаматтық авиация комитеті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу