Тараптар сауда-экономика, инвестиция, көлік-логистика, энергетика және құрылыс бағыттарындағы ынтымақтастықтың бүгінгі ахуалын және болашақ жоспарларын талқылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
-
Сауда айналымы: Биылғы қаңтар–сәуірде екіжақты тауар айналымы 20 %-ға артты. 2025 жылы Қазақстан Әзербайжанға бидайдың негізгі жеткізушісі болып, елдің астық импортының 88 %-ын қамтамасыз еткен.
-
Ірі бірлескен жобалар: Министр Джаббаров Транскаспий халықаралық көлік дәлізі, Каспий теңізінің түбімен талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту және терең-теңіз электр кабелі сияқты жобаларды жоғары бағалады.
-
Өндірістік кооперация: Елші инфузиялық ерітінділер шығаратын бірлескен кәсіпорын құруды ұсынды.
Кездесу барысында Әлім Байел Әзербайжан тарапын Алакөл көлінің жағасында жаңа шипажай кешенін салуға шақырды. Микаил Джаббаров бұл бастамаға қолдау білдіріп, жобаның егжей-тегжейін бірге пысықтауға дайын екенін айтты.
Сонымен қатар тұрғын үй мен әлеуметтік нысандар салу мәселесі көтерілді: Қазақстандық құрылыс компаниялары Әзербайжанда медициналық мекемелер мен баспаналар тұрғызуды бастап кетті.