Қазақстан мен Әзербайжан арасында тікелей әуе рейстері қайта ашылады

452

Ұшақтар аптасына екі рет Алматы мен Астанадан Бакуге ұшатын болады. 

Қазақстан мен Әзербайжан арасында тікелей әуе рейстері қайта ашылады Фото: ati.az

Қазақстан мен Әзербайжан астаналары арасында тікелей әуе рейстері қайта ашылатын болды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Ведомствоның Азаматтық авиация комитеті Әзербайжан Республикасының авиациялық билік орындарымен бірлесіп, халықаралық қатынасты қайта бастау және ашу жөніндегі жұмыс шеңберінде "Әзірбайжан Хава Йоллары" әуе компаниясының Баку – Астана және Баку – Алматы бағыттары бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін қайта жаңғырту мәселесін пысықтады.

"Әзербайжан әуекомпаниясы осы жылдың 10 наурызынан бастап Баку – Астана бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен (бейсенбі, сенбі күндері), 11 наурыздан бастап Баку-Алматы бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен (сәрсенбі, жексенбі күндері) тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастауды жоспарлап отыр. Рейстер А-319/Е-190/Б-757 типті әуе кемелерінде орындалатын болады", - деп хабарлады министрлік.

Еске салайық, осыған дейін  Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында рейстер саны артқанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу