Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы әуе рейстер саны артады

539

Аптасына 32-ден 42 рейске дейін елдер арасында тұрақты рейстер қатынайды

Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы әуе рейстер саны артады Фото: google.com

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың Әзірбайжан Республикасына ресми сапары шеңберінде 2023 жылғы 22 маусымда Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Әзербайжан Республикасының цифрлық даму және көлік министрлігі арасында әуе қатынасы туралы хаттамаға қол қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстан тарапынан Хаттамаға Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев, Әзербайжан тарапынан – Әзербайжан Республикасының цифрлық даму және көлік министрі Рашад Набиев қол қойды.

Қол қойылған Хаттамаға сәйкес екі тараптың тағайындалған тасымалдаушылары әр тараптан аптасына 32-ден 42 рейске дейін елдер арасында тұрақты рейстерді орындау үшін құқықтық база кеңейтілді.

Құқықтық базаны кеңейту елдер арасында орындалатын рейстер санын ұлғайтуға мүмкіндік береді, бұл Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы әуе тасымалдар нарығындағы бәсекелестікті арттырады, сондай-ақ елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі күшейтуге ықпал ететін болады, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу