Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы 417,4 млн долларға жетті

434

Бұл 2023 жылдың алғашқы тоғыз айындағы көрсеткіш.  

Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы 417,4 млн долларға жетті Фото: ҚР Ұлттық экономика министрлігі

2023 жылдың алғашқы тоғыз айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы сауда көлемі 417,4 млн долларға жетті. 2022 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен (316,4 млн доллар) 31,9%-ға артық, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Елдер арасындағы сауданың едәуір үлесі Қазақстаннан экспортқа тиесілі – 360,1 млн доллар немесе 86,3%. Қазақстаннан Әзербайжанға экспорт көлемі 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте 256,2 млн доллардан 40,5%-ға өсті.

Осы кезеңдегі Әзербайжаннан импорт көлемі 57,3 млн долларды құрады.

Қазақстан экспортының өсуі өңделмеген алюминийді жеткізудің 201 мың доллардан 108,2 млн долларға дейін, яғни 538,2 есе ұлғаюымен байланысты.

Алюминий экспорттың жалпы көлемінің 30%-ын құрап, Қазақстанның Әзербайжанға негізгі экспорттық тауарына айналды. Экспорттың өсуіне мұнай өнімдерін жеткізудің 61,1 млн доллардан 74,9 млн долларға дейін және шикі мұнайдың 56,7 млн доллардан 73,2 млн долларға дейін өсуі де әсер етті.

Бұдан басқа, Қазақстан Әзербайжанға бидай, рельстер, металпрокат, аккумуляторлар, теміржол вагондары, нан және ұн өнімдері, макарон, маргарин жеткізеді.

Әзербайжаннан импортталатын негізгі тауарлар қатарларына қара металдардан жасалған құбырлар мен профильдер (16,2 млн доллар), паромдар мен круиздік кемелер (11,6 млн доллар), ауыз су, оның ішінде минералды және газдалған су (9,3 млн доллар) жатады. Аталған үш тауар тобы Әзербайжаннан келетін барлық импорттың 64,8%-ын құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу