Қазақстан мен Әзербайжан халықаралық серіктестікті кеңейтпек

283

Тараптар студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын арттыру және бірлескен бағдарламаларды іске асыру мәселелерін қарастырды.  

Қазақстан мен Әзербайжан халықаралық серіктестікті кеңейтпек Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Агалар Рагти оғлы Атамоглановпен және "EasyDanismanlik" компаниясының делегациясымен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесу барысында жоғары білімді интернационалдандыру, ғылым және жоғары білім саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ академиялық байланыстарды кеңейту мәселелері қаралды.

Тараптар студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын арттыру, бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, халықаралық серіктестікті дамыту және шетелдік азаматтарды Қазақстанның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына тарту бағыттары бойынша пікір алмасты.

Сондай-ақ жоғары білім беру жүйесіне халықаралық озық тәжірибені енгізу, білім беру қызметтерінің экспорттық әлеуетін арттыру және халықаралық білім кеңістігіндегі ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне басымдық берілді.

Кездесу қорытындысында тараптар жоғары білімді интернационалдандыруды ілгерілетуге және ғылым мен жоғары білім саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендерін растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу