Қазақстан мен Әзербайжан Каспий түбі арқылы балама интернет желісін тартады

554

Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Facebook парақшасында хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Қазақстан мен Әзербайжан Каспий түбі арқылы балама интернет желісін тартады Фото: interfax.az

"2023 жылы Қазақстан-Әзербайжан бағыты бойынша Каспий түбі арқылы талшықты-оптикалық байланыс желілерінің құрылысы басталады. Жоба Орталық Азия елдеріне Интернетке баламалы жолмен қосуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ Еуропа мен Азия арасындағы трафик транзитін кеңейтуге мүмкіндік береді", - деп жазды Бағдат Мусин.

Оның мәліметінше жобаның дизайнын (HLD) әзірлеу жұмыстары басталды, содан кейін тиісті зерттеулер, кейінірек - Каспий түбіндегі "оптиканы" жобалау және салу жүзеге асады. "Су асты желісінің негізгі бағыты Ақтаудан Әзербайжанның Сиазань қаласына дейін өтеді және 340 шақырымды қамтиды, ұзындығы 330 шақырымға жуық резервтік канал Баку маңындағы қазақстандық Құрық портынан Әзірбайжанның Бузовна елді мекеніне дейін жүргізіледі", - деп жазды министр.

Қазақстан тарапынан жобаның серіктесі Қазақтелеком, Әзербайжан тарапынан - Аzertelekom компаниясы болады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу