Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Әзербайжан Республикасының Жастар және спорт министрі Фарид Гаибовпен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.
Министр Қазақстан мен Әзербайжан спорттық білім беру, спорттық медицина және бірлескен оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру мәселелері бойынша белсенді ынтымақтастық жүргізіп жатқанын атап өтті.
"Жыл сайын елімізде қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, көкпар, бәйге, теңге ілу, аударыспақ, құсбегілік, дәстүрлі садақ ату және жекпе-жек сияқты ұлттық спорт түрлері бойынша халықаралық деңгейден жергілікті деңгейге дейінгі мыңнан астам жарыс өткізіледі. Қазіргі таңда біз 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізіп жатырмыз. Бұл біз үшін үлкен мәртебе", – деп атап өтті министр.
Кездесу соңында Фарид Гаибов Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновқа қонақжайлылық танытқаны үшін алғыс айтып, тараптар арасындағы жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.