Қазақстан мен Әзербайжан Жоғары мемлекетаралық кеңесін құру туралы хаттамаға қол қойды

829

Бұл туралы inbusiness.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан мен Әзербайжан Жоғары мемлекетаралық кеңесін құру туралы хаттамаға қол қойды

Келіссөздердің қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Бірлескен мәлімдемеге және Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасының Жоғары мемлекетаралық кеңесін құру туралы хаттамаға қол қойды. 

Сонымен қатар, Әзербайжан Президентінің Астанаға ресми сапары аясында мынадай құжаттарға қол қойылды:

  • 1. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Әзербайжан Республикасының Жастар және спорт министрлігі арасындағы Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;
  • 2. Қазақстан Республикасының "Отандастар қоры" Коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен Әзербайжан Республикасының Диаспорамен жұмыс жөніндегі мемлекеттік комитеті арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандум;
  • 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы мен Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы арасындағы Ғылыми ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
  • 4. "Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені" Коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен Әзербайжан мемлекеттік ақпарат агенттігі арасындағы Ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандум;
  • 5. "Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен Әзербайжан Республикасының Шағын және орта бизнесті дамыту агенттігі арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандум;
  • 6. Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты мен Баку халықаралық мультимәдениеттілік орталығы арасындағы Ғылыми және мәдени ынтымақтастық туралы меморандум.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу