Қазақстан мен Әзербайжанның тауар айналымы 78,7 млн долларға жетті

695

Қазақстан мен Әзербайжан арасында құны 32,9 млн долларды құрайтын келісімшарт рәсімделді. 

Қазақстан мен Әзербайжанның тауар айналымы 78,7 млн долларға жетті

Тараптар локомотив, болат жайма, металл бөшке, жиһаз, тұз және кондитерлік өнім жеткізу туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Qaztrade АҚ бас директоры Азамат Асқарұлының айтуынша, қазақстандық кәсіпкерлер Әзербайжан нарығына қызығады. Алайда екі елдің сауда әлеуеті тиісінше пайдаланылмайды. 

"Біз үшінші елдердің нарығын бірге игере аламыз. Себебі біздің аумақтарымыз арқылы маңызды халықаралық көлік дәліздері өтеді", – деді Азамат Асқарұлы.

Айта кетейік, былтыр Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы тауар айналымы 109,7 млн долларды құрады. Оның ішінде экспорт – 84,4, импорт – 25,3 млн доллар болды. Биыл қаңтар-шілде аралығындағы тауар айналымы 78,7 млн долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32,5%-ға немесе 59,4 млн долларға көп көрсеткіш. 

Қазақстан Әзербайжанға мұнай өнімдерін, легирленбеген болаттан жасалған жалпақ илек, электр темір жол локомотивтерін, бидай, гигиена құралдарын, электр аккумуляторларын, нан және ұннан жасалған кондитерлік өнім, күріш, маргарин экспорттайды. Ал бізге Әзербайжаннан пропилен, этилен полимерлері, оқшауланған сым, кабель келеді. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу