Әбу-Дабиге іссапармен барған Премьер-министр Асқар Мамин Әмірліктердің вице-президенті Мұхаммед ибн Рашид әл Мактуммен осындай уағдаластық жасады. Бұдан бөлек, екі ел бірлесіп құс фабрикалары мен сүт-тауарлы фермаларды салмақшы әрі жемістер және саңырауқұлақтарды өндірмек ниетте.Тау-кен-металлургия мен геологиялық барлау салаларында да ынтымақтастық орнату, тіпті елімізде электромобильдерге арналған бөлшектерді шығару көзделген. Жалпы келіссөздер барысында тараптар 17 үкіметаралық және коммерциялық келісімге қол қойды. Осының арқасында Қазақстан капиталына 2 млрд доллардан астам инвестиция тартылмақ.