Қазақстан мен БАӘ арасындағы әуе рейстерінің саны артатын болды, деп хабарлайды inbusiness.kz Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"2023 жылғы 1 шілдеден бастап "Wizz Air Abu Dhabi" төмен бюджеттік әуе компаниясы ҚР және БАӘ астаналары Астана және Әбу-Даби қалалары арасында аптасына тұрақты жолаушылар рейстерінің санын 3-тен 5 ретке дейін (сейсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі, жексенбі), сонымен қатар, 2023 жылғы 4 тамыздан бастап Алматы – Әбу-Даби бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерінің санын аптасына 5-тен 7 ретке дейін (күн сайын) арттыруды жоспарлап отыр" делінген хабарламада.
Қазақстан мен БАӘ арасындағы рейстер санының ұлғаюы елдер арасындағы туристік, мәдени, инвестициялық және іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, сондай-ақ халықаралық әуе тасымалдар нарығындағы бәсекелестікті арттыруға және әуе билеттер бағасының төмендеуіне ықпал ететін болады.