Қазақстан мен БАӘ арасындағы тауар айналымы 9%-ға төмендеді

700

Елімізден экспорт көлемі қысқарса, аталған мемлекеттен импорт артты. 

Қазақстан мен БАӘ арасындағы тауар айналымы 9%-ға төмендеді

2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстан мен БАӘ арасында тауар айналымы 347,5 млн долларды құрады. Бұл көрсеткіш қос тарап арасындағы экспорт пен импорт бір жылда 8,6%-ға төмендегенін көрсетеді. 

Жалпы тауар айналымының 78,3%-ын немесе 272,2 млн долларын экспорт құрайды. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 15,1%-ға төмен. Көрсеткіштердің осылай құбылуына елде экспорттың төмендеуі себеп болған. Ал импорт үлесі – 21,7% немесе 75,3 млн доллар. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 26,2%-ға жоғары. 

Finprom.kz сайтының хабарлауынша, араб инвесторларының Қазақстанға қызығушылығы жоғары. Биылғы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша еліміздің БАӘ инвесторлары алдындағы міндеттемелері 12,7%-ға өсіп, 2,5 млрд долларға жеткен. Өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 2,2 млрд доллар болатын. 

ҚР Премьер-министрі Аскар Мамин Абу-Дабиге жұмыс сапары барысында 
БАӘ премьерінің орынбасары шейх Мансур мен Заид Аль Нахаянмен кездесті. Келіссөздер нәтижесінде 6,1 млрд доллар сомасындағы 21 инвестициялық жобаны жүзеге асыру бойынша келісімге қол қойылды. 21 жобаның 10-ы ауыл шаруашылығы саласына қатысты. 

2020 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша елімізде БАӘ қатысы бар 193 заңды тұлға, компания бөлімшесі жұмыс істейді. 2019 жылмен салыстырғанда олардың саны 10,9%-ға артқан. 

Араб компанияларының төрттен бірі сауда және көлік саласында жұмыс істейді. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу