Қазақстан мен БАӘ әскери салада ынтымақтастықты нығайтпақ

473

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстан мен БАӘ әскери салада ынтымақтастықты нығайтпақ Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы БАӘ Қорғаныс істері жөніндегі мемлекеттік министрі Мұхаммед бен Мубарак Фадел Әл-Мазруиді қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесуде екі елдің қауіпсіздік және әскери білім беру салаларындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды.

Мемлекет басшысы Әмірліктердің қорғаныс өнеркәсібіндегі жетістіктеріне тоқталды, сондай-ақ озық технология мен инновация бағытындағы тәжірибе алмасу мүмкіндіктеріне назар аударды.

Президент Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін айтты. 

Қорғаныс министрі Мемлекет басшысына БАӘ Президенті Мұхамед бен Заид Әл Нахаянның және Премьер-министр, Дубай Әміршісі Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумның ізгі сәлемін жеткізді. 

Сондай-ақ бұл сапар әскери саладағы өзара ықпалдастықты нығайтуға тың серпін беретініне сенім білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу