Қазақстан мен БАӘ бірлескен кәсіпорнының мұнай флотына үш танкер қосылады

Келешекте олардың санын 10-ға жеткізу жоспарлануда.

Қазақстан мен БАӘ бірлескен кәсіпорнының мұнай флотына үш танкер қосылады Фото: медиапалуба

Жыл соңына дейін "Caspian Integrated Maritime Solutions Ltd" қазақстандық-әмірлік бірлескен кәсіпорнының мұнай флоты үш танкермен толықтырылады, кемелер санын 10 бірлікке дейін ұлғайту жоспарлануда, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан. 

Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" (ҚМГ) Ұлттық компаниясының басшысы Мағзұм Мырзағалиев мәлім етті.

"Қазір төрт танкер бар - екеуі біздікі, екеуі Абу-Даби порттарында. Әрине, танкерлер паркін ұлғайту жоспарда бар. Алдағы уақытта біз танкер санын 10-ға дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз", - деді спикер журналистерге.

2023 жылдың ақпанында құрылған "Қазтеңізкөлікфлоты" ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы (ҚМГ-ның 100% еншілес ұйымы) және AD Ports Group (БАӘ) бірлескен кәсіпорны - Caspian Integrated Maritime Solutions Ltd. екі жаңа "Тараз" және "Лива" танкерін алды.

"Біздің республика мен БАӘ паритетті негізде Ақтау-Баку теңіз маршруты бойынша мұнай тасымалдайды. Алынған екі танкер Қазақстан тарапының жылына 750 мың тонна мұнай тасымалдау жөніндегі міндеттемелерін толығымен өтейді", - деді ҚМГ басшысы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу