Қазақстан мен БАӘ көлік-логистика саласында ынтымақтастықты дамытуды қолға алды

812

Қазақстан мен БАӘ көлік-логистика саласында ынтымақтастықты дамытуды қолға алды

"Etihad Rail" (БАӘ) теміржол компаниясының делегациясы Қазақстан Республикасының транзиттік мүмкіндігімен және көлік-логистикалық инфрақұрылымымен танысу мақсатында Қазақстанға келді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Кездесу барысында "ҚТЖ" АҚ президенті Қанат Алпысбаев мультимодальды көлік-логистика қызметінің толық спектрін көрсететін компания қызметінің бағыттары туралы мәлімдеді. Ол "ҚТЖ" АҚ-ның Қазақстан экономикасын дамытудағы маңызын айта келіп, компанияның ел әлеуетін дамытудағы жүзеге асырып жатқан транзиттік және экспорттық жобаларына тоқталды. Қазақстанда соңғы үлгідегі жүк және жолаушылар вагоны, локомотив құрастырылып, рельс, жолдың үстіңгі қабатына қажетті материалдар шығарылады.

"Etihad rail" басшысы Ф. Мазрузидің айтуынша, теміржол компанияларының арасындағы байланысты дамыту – Қазақстан мен БАӘ арасындағы екіжақты серіктестікті дамытудың маңызды бағыты. Сондай-ақ ол осы сапар барысындағы Қазақстанның көлік-логистика кешенінің мүмкіндігімен танысудың маңызын айта келіп, қазақ әріптестерінің теміржолды басқару мен құрылысын жүргізудегі тәжірибесін БАӘ теміржолын дамытуға табысты пайдалануға болатынын айтып өтті.

"Etihad rail" делегациясы "ҚТЖ" АҚ құрылымдық бөлімшелерінің қызметімен және транзиттік, интермодальды тасымалдау, логистикалық қызметінің келешегімен танысты. Теміржол компаниясының өкілдері "Локомотив құрастыру зауыты" АҚ, "Тұлпар Тальго" ЖШС, "Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭА нысандарын аралады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу