2017 жылдың 29 сәуірі мен 2 мамыры аралығында Қазақстан мен БАӘ арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының делегациясы Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Сондай-ақ ҚР Президенті жанындағы Мемлекттік басқару академиясының Дипломатия институты мен БАӘ Дипломатиялық академиясы арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Бұдан өзге, 2016 жылдың мамырында қол қойылған Ынтымақтастық туралы екіжақты меморандумға серпін беру мақсатында, Мохаммед Бин Рашид атындағы Мемлекеттік басқару мектебінің басшылығымен кездесу өтті.
Сонымен қатар, Академия делегациясы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толуына және Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауын араб тілінде таныстыру рәсіміне орайластырылған дөңгелек үстелге қатысты.
Сондай-ақ Академия ректоры Дубай қаласының Қоғамдық кітапханасындағы Қазақ әдебиеті бөлімінің ашылуына қатысып, кітапханаға Қазақстан туралы кітаптарды сыйға тартты.