Сыртқы істер министрлігі Қазақстан мен Бангладеш арасындағы дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы қаулы жобасын дайындады, деп жазады inbusiness.kz
"Жарамды дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорттардың иелері және келесі тарап мемлекетінің аумағында аккредителмеген тараптардың бірі мемлекетінің азаматтары, келесі мемлекеттің аумағына келген күнінен бастап күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімге визасыз бір рет немесе бірнеше рет келе алады, транзитпен өте алады", - делінген құжатта.
Азаматтардың дипломатиялық және қызметтік не ресми паспорттарының қолданылу мерзімі келесі тарап мемлекетінің аумағына келген күннен бастап кемінде 6 ай болуы тиіс.
Осы келісім жобасына қол қою екі ел арасындағы тығыз ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді деп көрсетілген.
Құжатты көпшілік талқылау 16 тамызға дейін жалғасады.