Қазақстан мен Беларусь 75 млн доллар болатын коммерциялық келісім жасайды

1606

Александр Лукашенконың Қазақстанға ресми сапары аясында Қазақстан-Белорусь  бизнес-форумы өтуде.

Қазақстан мен Беларусь 75 млн доллар болатын коммерциялық келісім жасайды

Беларусь Президенті Александр Лукашенконың Қазақстанға сапары барысында жалпы құны 75 миллион доллар болатын бірлескен жобаларды жүзеге асыру туралы келісімге қол қою жоспарлануда, деп хабарлады Kazakh Invest ұлттық компаниясының сақтандыру менеджері Бақытбек Қабжанов.

"75 миллион доллар болатын 15 құжатқа қол қойылады деп күтілуде. Болашақ жобалар –  ауылшаруашылық техникасы, агроөнеркәсіптік кешен, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі және фармацевтика",– деді Қабжанов бейсенбі күні Нұр-Сұлтанда өткен Қазақстан-Беларусь бизнес форумы аясында журналистерге.

Атап айтқанда, Kazakh Invest мәліметінше, тау-кен техникасын, самосвалдарды, "Беларусь" тракторларын  бірлесіп шығару, дәрі-дәрмектер мен сүт өнімдерін жеткізуге қатысты келісімшартқа қол қою жоспарлануда.

Сонымен қатар, ұлттық компания 2005 жылдан бастап 2019 жылдың II тоқсанына дейін Беларусь елінен Қазақстанға келген шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны шамамен 1 миллиард долларды құрағанын айтты.

Еске салар болсақ,  Александр Лукашенконың Қазақстанға ресми сапары аясында Қазақстан-Белорусь бизнес-форумы өтуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу