Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы 20%-ға өсті

549

ТМД Үкімет басшылары кеңесінің Астанадағы кезекті отырысы қарсаңында Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Беларусь Премьер-Министрі Роман Головченкомен кездесті. 

Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы 20%-ға өсті

2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы 20%-ға артты, деп жазады inbusiness.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, Қазақстан Беларусь нарығына шығарылатын экспортты кеңейтуді жоспарлап отыр. Үкімет жуырда Беларусь басшылығының қарауына жіберілетін әлеуетті экспорттық тауарлар тізбесін жаңартқан.

"Қазіргі таңда біз әртүрлі салаларда шикізаттық емес тауарлардың 105 түрін жеткізу мәселесін бірлесіп пысықтауға дайынбыз", – деді Әлихан Смайылов.

Өнеркәсіп кооперациясы – екі ел ынтымақтастығының басым бағыттарының бірі. Бүгінде 1,5 мың жұмыс орнын құра отырып, бірлескен 7 жоба іске қосылған. Ал 2 жоба іске асыру кезеңінде көрінеді.

Роман Головченко ауыл шаруашылығында, Қазақстанда Беларусь технологиялары бойынша тауарлы сүт кешендерінде бірлескен жобаларды іске қосудың перспективаларын атады.

Айта кету керек, осыған дейін Астанада ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтетінін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу