Қазақстан мен Беларусь арасындағы жолдастық кездесу өтпей қалды

925

Кездесу 15 мамырда өтуге тиіс болатын. 

Қазақстан мен Беларусь арасындағы жолдастық кездесу өтпей қалды

Шайбалы хоккейден Қазақстан мен Беларусь арасындағы жолдастық кездесу коронавирусқа байланысты өткізілген жоқ, деп жазады inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

14 мамыр күні Қазақстан командасы делегациясы өкілінен коронавирус анықталды. Қайта алынған тест те инфекция барын растады. Қазақстан командасының барлық мүшесі қосымша тестілеуден өтті. Тест нәтижесі бойынша ұйымдастыру комитеті команданың Ригада жаттығуына мүмкіндік берді. Бірақ Беларусь құрамасымен жолдастық кездесу өткізілмейді. 

Еске сала кетейік, жолдастық кездесу 21 мамыр мен 6 маусым аралығында ұйымдастырылады. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу